«Kazsport» телеарнасы бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалын және финалын көрсетеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалын және финалын көрсетеді (ВИДЕО)

25.11.2016
«Kazsport» телеарнасы бокстан Қазақстан чемпионатының  жартылай финалын және финалын көрсетеді (ВИДЕО)

2016 жылы 26 қараша 14:00-де «Kazsport» телеарнасы бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалын эфирге шығарады. Ұлттық біріншіліктің финалдық жекпе-жектері 27 қараша күні сағат 12:00-ден басталады. Көрсетілімдер тікелей эфирде жүргізіледі.

Павлодар қаласында өтетін бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімдері анықталды.

Бокс жанкүйерлері үшін 52 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі шеберлер астаналық Азат Махметов пен Алматы облысынан келген Әнуар Мұзапаровтың, 56 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі шымкенттік Қайрат Ерәлиев пен астаналық Ілияс Сүлейменовтің, 60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі шымкенттік Закир Сафиуллин мен астаналық Мейірболат Тоитовтың, 69 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі қарағандылық Абылайхан Жүсіпов пен шымкенттік Алмасбек Әлібековтің, 75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі семейлік Манат Өмірзақов пен маңғыстаулық Ерік Әлжановтың, 81 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі Алматы облысының өкілі Жәнібек Әлімханұлы мен Ақмола облысының боксшысы Вадим Казаковтың, 91 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі қостанайлық Антон Пинчук пен тараздық Арбек Әбдуғаниевтың, 91 килограммнан жоғары салмақ дәрежесіндегі қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев пен шымкенттік Нұрлан Сапарбайдың және осы салмақтағы павлодарлық Олжас Букаев пен шымкенттік Нұржан Бекзатовтың арасындағы жекпе-жек қызық болады.

Айта кету керек, биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 180 боксшы қатысуда. Ұлттық құрама жетекшілері Павлодарда өтіп жатқан жарыс еліміздің бас командасына жаңа боксшыларды іріктеп алуда маңызды сын деген пікірде. Бапкерлердің шешімімен бұл жылғы чемпионатқа қатысу міндетінен Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Елеусінов және Иван Дычко босатылды.

Фото - kfb.kz

Хабарламаларға жазылу