Қанат Ислам: Барлығы менен нокаут күткенін білемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам: Барлығы менен нокаут күткенін білемін

31.10.2016
Қанат Ислам: Барлығы менен нокаут күткенін білемін

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам  сенбі күні өткен жекпе-жегінде қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты. Боксшы бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі. «Алматы аренаға» келіп қолдау көрсеткен және келе алмай телеарна алдында тақымын қысып отырған ағайынға айтар алғысым зор. Бұл - сіздердің жеңістеріңіз. Жекпе-жек мен үшін өте қиын болды. Барлығы менен нокаут күткенін білемін. Кездесудің екінші раундында екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым. Сол үшін де оны шаршатып, 12 раунд бойы жұмыс істеу керек болды. Жаттықтырушымның кеңесі осы болды.

Бұл - спорт. Рингте кез келген жағдай болады. Көптен бері 12 раундтық жекпе-жегім болмап еді, мен үшін бұл да бір тәжірибе. Бәрі алда, бұйыртса, әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес. Бұл бокс кеші талай қазақ жастарының спортқа деген қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Бізде мықты жастар көп. Бұйыртса, кәсіпқой бокста талай қазақ жігіттері өз биігін бағындырады. Жеңісті күндер көп болсын!» - деді  спортшы.

Хабарламаларға жазылу