Қанат Ислам мен Патрик Аллотей салмақтарын өлшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам мен Патрик Аллотей салмақтарын өлшеді

29.10.2016
Қанат Ислам мен Патрик Аллотей салмақтарын өлшеді

Бүгін Алматыда 29 қазанда көптен күткен бокс кешінде жұдырықтасатын кәсіпқой былғары қолғап шеберлерінің салмақ өлшеу рәсімі өтті. 

Бокс кешінде жанкүйерлер жеті жекпе-жекті көре алады. Барлық кездесуде де отандастарымыз жұдырықтаспақ.

Кештің басты жекпе-жегі Қанат Ислам мен ганалық Патрик Аллотей арасында өтеді. Қазақстандық боксшының салмағы 67 килограммды көрсетсе, ганалық 68 килограмм болды.

Қанаттан басқа қазақстандық боксшылардан Жұман Жұмабеков, Айдар Шәрібаев, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы ертең рингке көтеріледі.

Олардың салмақтары төмендегідей:

Жұман Жұмабеков (Қазақстан) 63 кг - Владимир Иванов (Беларусь) 63 кг

Айдар Шәрібаев (Қазақстан) 60 кг - ХуанОкура (Испания) 59 кг

Әли Ахмедов (Қазақстан) 78 кг - Әли Маммедов (Әзірбайжан) 77 кг

Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Нуху Азуми (Гана) 103 кг

Жанқош Тұраров (Қазақстан) 66 кг - Исаак Арие (Гана) 66 кг

Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 77 кг - Милтон Нунез (Колумбия 77 кг.

«Алматы Арена» сарайында өтетін бокс кешін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар. Трансляцияның басталуы 17:50-де. Сондай-ақ, kaztrk.kz  сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Қолдау көрсетейік!

Хабарламаларға жазылу