Шаршы алаңда нағыз төбелес көрсетуге дайынмын - Головкин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаршы алаңда нағыз төбелес көрсетуге дайынмын - Головкин

06.09.2016
Шаршы алаңда нағыз төбелес көрсетуге дайынмын - Головкин

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF титулының иегері британдық Келл Брукке нағыз төбелес көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Мен 12 раундқа да, шаршы алаңда нағыз төбелес көрсетуге де дайынмын. Маған алапат айқастар ұнайды», - деді қазақстандық боксшы IFL TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондон қаласында өтеді. Бұл кездесуді «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Брук жекпе-жегіне орай, kaztrk.kz сайты байқау жариялаған болатын. Байқау шарттарымен толығырақ мына жерде таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу