«ҚазАгро» холдингі әкімшілік шығындарын 12 пайызға қысқартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАгро» холдингі әкімшілік шығындарын 12 пайызға қысқартқан

18.02.2015
«ҚазАгро» холдингі әкімшілік шығындарын 12 пайызға қысқартқан

Әкімшілік үнемдеулер мен еншілес ұйымдардағы штаттық бірліктерді оңтайландырудың нәтижесінде холдинг биыл 200 миллион теңге үнемдемек.  Бұл жалпы шығындардың 12 пайызы. 

Дегенмен «ҚазАгро» ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тоқтатпайды.

Қазір холдингтің инвестициялық портфелінде 309 миллард теңгенің 477 жобасы бар.

Холдинг басшылығы жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу