«QAZSPORT» телеарнасы хоккейден Призидент Кубогын тікелей эфирден көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QAZSPORT» телеарнасы хоккейден Призидент Кубогын тікелей эфирден көрсетеді

09.08.2018
«QAZSPORT» телеарнасы хоккейден Призидент Кубогын тікелей эфирден көрсетеді

Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Призиденті Кубогы үшін дәстүрлі турнир жалауын желбіретеді.

Алғаш болып «Барыс-Арена» мүз айдынына «Қазақстан ұлттық құрамасы» мен «Нефтехимик» командалары сайысты бастайды. Кездесу Астана уақытымен 13:50-де басталады.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан Республикасы Призиденті Кубогы 2010 жылдан бастап тұрақты түрде ұйымдастырылатын келеді. Байрақты бәсеке биылғы жылы 9-12 тамыз күндері өтеді. Құрлықтық хоккей лигасы аясында өнер көрсететін командалар және «Барыс» хоккей клубы мен «Қазақстан құрамасы» бақ сынайды. Олардан бөлек, былтырғы жылғы жеңімпаз «Нефтехимик» пен «Амур» клубтары қатысады. 

«QAZSPORT» телеарнасы 19:00-де «Барыс»  және «Амур» арасындағы ойынды да тікелей эфирде назарларыңызға ұсынады.

Хабарламаларға жазылу