«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы турнирлерінің 2017 жылдың наурыз бен 2018 жылдың мамыр аралығында Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми таратушысы болып табылады.
Қазақстандық көрермендер еуропалық футбол алыптарының екі кубок үшін тартысқа толы таласын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде 1/8 финалдан бастап (7, 8 , 9 наурыз) тамашалай алады.
«Kazsport» телеарнасында УЕФА Чемпиондар лигасының жақында өтетін көрсетілімдер кестесі:
7 наурыз
«Наполи» (Италия) – «Реал Мадрид» (Испания)
«Арсенал» (Англия) – «Бавария» (Германия)
8 наурыз
«Барселона» (Испания) – ПСЖ (Франция)
«Боруссия Дортмунд» (Германия) – «Бенфика» (Португалия)
«Kazsport» телеарнасында УЕФА Еуропа лигасының жақында өтетін көрсетілімдер кестесі:
9 наурыз
«Ростов» (Ресей) – «Манчестер Юнайтед» (Англия)
«Шальке 04» (Германия) – «Боруссия Мёнхенгладбах» (Германия)
«Олимпиакос» (Грекия) – «Бешикташ» (Түркия)
Бұған дейін де «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұл екі беделді еурокубоктық турнирлердің лицензиялық құқықтарын ие болған болатын. 2010-2011 және 2011-2012 жылғы маусымдарында УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының таңдаулы матчтары «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетілді. 2010 жылдың наурызы мен 2012 жылдың мамыр айлары аралығында 140 матчтан көрсетілім жүргізіліп, УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 200-дей видеошолулар мен журналдар көрсетілген болатын.
Телеарнаның арнайы спорттық арна екенін ескере отыра, енді көрсетілімдер көлемі көбейіп, контент толығымен «Kazsport» телеарнасынан көрсетіледі. «Kazsport» үшін «әлемдегі №1 спорт түрі» кезекті үлкен жоба, бұл уақытқа дейін Еуропа және Әлем чемпионаттары, германиялық Бундеслига, Ағылшын Премьер-лигасы мен испаниялық Ла Лига көрсетілді. Ал, енді алда УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бір жарым маусымы күтіп тұр. Бірақ, бұл - көрермендерге арналған тосынсыйдың соңғысы емес. Жуырда бірнеше үлкен футбол турнирлерінің ұзақ мерзімді ТВ-лицензияларына қол қойылғандығы туралы жария етіледі.
«Kazsport» телеарнасы қазіргі уақытта аталмыш жобалар бойынша Қазақстанның ірі компанияларынан демеушілік және жарнамалық ұсыныстарын қарастырады.