Ресейдің Санкт-Петербург қаласында аяқталған Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының футболшылары екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды.
Финалға дейін қарсылас шыдатпаған қазақстандық футболшылар шешуші сында алаң иелеріне ғана есе жіберді. Ресейлік қорғаушы Никита Поляковтың соққан голы ойын тағдырын шешті. Ойынның қалған бөлігінде біздің футболшылар есепті теңестіруге тырысқанымен, сәттілік жетіспеді.
Шешуші ойынның қорытындысы бойынша біздің құрамадан шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет үздік ойыншы атанса, Ресей сапынан қорғаушы Никита Каккоев лайық деп танылды.
Қазақстандық футболшылар финалға дейін өткізген бес кездесудің екеуін тең аяқтап, үшеуінде жеңіске жетті. Әсіресе, Литва, Словения, Грекия ұжымдарды ұтқаны жанкүйерлерді қуантып тастады.
Қазақстан U19 - Ресей U19 - 0:1
Голдар: Поляков 27
Ескерту: Кусяпов 35 - Вебер 35, Каккоев 36, Евгеньев 52, Поляков 74.
Қазақстан U19: Устименко, Аманжол, Батырханов, Кузнецов, Кусяпов, Жақсылық (Скворцов 62) , Астанов (Құдайбердінов), Кан, Орал, Сүйінов (Тұзақбаев), Сейдахмет.
Ресей U19: Ломаев, Евгеньев, Каккоев, Поляков, Поярков, Уткин, Вебер, Глушенков, Глушков (Яковлев 59), Лацевич (Денисов 80), Цыпченко.