Бұл мақсатқа тек биыл және келесі жылға 100 миллиард теңге бағытталған.
Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформалау және өңірлік даму комитетінің депутаттары хабарлады.
Олардың сөзінше, алдағы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 500 миллиард теңге бағытталады. Бұдан бөлек, саладағы кәсіпкерлікті ілгерілету мақсатында 20-дан астам шара қолға алынбақ.
Бұл экономиканы, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен мүмкіндік бермек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ