«Атлетико» сырт алаңда «Вильярреалға» есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атлетико» сырт алаңда «Вильярреалға» есе жіберді

13.12.2016
«Атлетико» сырт алаңда «Вильярреалға» есе жіберді

Футболдан Испания чемпионатының 15-турының соңғы кездесуінде «Вильярреал» өз алаңында мадридтік   «Атлетикомен» үш ұпай үшін талас жүргізді. Тартысты ойында  «Вильярреал» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда қауіпті сәттерді екі команда бірдей шамада туғызғанымен, тек алаң иелері ғана гол сала алды.

Есепті мадридтік клуб ойыншыларының өрескел қателігін ұтымды пайдалана білген Мануэль Тригерос ашты – 1:0.

Алешандре Патоның соққысын қайтару кезінде «Атлетиконың» қақпашысы Ян Облак қателік жіберіп, допқа бірінші болып жеткен Джонатан дос Сантостың гол салуына жол берді – 2:0.

Екінші таймда да Диего Симеоне шәкірттері көптеген қауіпті шабуылдарды ұйымдастырды, бірақ, мадридтік клуб ойыншылары гол сала алмады. 

Ал, соңғы минуттарда алаң иелері қатарынан Роберто Сориано Ндиайенің пасынан кейін кездесудегі үшінші голды салды - 3:0.

Естеріңізге сала кетейік, «Вильярреал»- «Атлетико» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

 «Вильярреал»- «Атлетико» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу