«Kazsport» телеарнасы «Реал» - «Депортиво» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Реал» - «Депортиво» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

09.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «Реал» - «Депортиво» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Желтоқсанның 10-ынан 11-іне ауған түні футболдан Испания чемпионатының 15 тур аясында мадридтік «Реал» өз алаңында ла-коруньялық «Депортиво» клубымен ойнайды. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Мадридтік клуб осы маусымдағы 23 ойында әлі бірде-бір рет жеңіліп көрген емес. Примерада өткен 14 турда 10 рет жеңіп, 4 рет қарсыласпен тең түскен. Чемпионатта 34 ұпайымен көш бастап келеді. Басты қарсыласы – каталониялық «Барселонадан» 6 ұпай алда. Осы аптада өткен УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы турындағы дортмундтық «Боруссия» мен өткен аптадағы «Барселонаға» қарсы ауыр кездесулерден кейін Зизу негізгі құрам ойыншыларына демалыс беріп, алаңға қосалқы құраммен шығуы мүмкін.

Ал, ла-коруньялық клуб бұл маусымда сырт алаңда жеңіске жетіп көрген жоқ.  Олар қазіргі уақытта 13 ұпай ғана иеленіп, чемпионатта 16-орынға тұрақтаған. Бірақ, соңғы турда «Депортиво» осал командалар қатарына жатпайтын сан-себастьяндық «Реал Сосьедадты» 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Екі команда арасындағы соңғы кездесуде корольдік клуб сырт алаңда 0:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» - «Депортиво» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 01:35-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу