Бүгін түнде «Валенсия» өз алаңында «Малаганы» қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін түнде «Валенсия» өз алаңында «Малаганы» қабылдайды

04.12.2016
Бүгін түнде «Валенсия» өз алаңында «Малаганы» қабылдайды

Желтоқсанның 4-інен 5-іне ауған түні Ла Лиганың 14-ші туры аясында «Валенсия» өз алаңында «Малаганы» қабылдайды. 

13 турдан кейін валенсиялықтар Испания біріншілігінің турнирлік кестесінде 11 ұпайымен 16 орында тұр. Ал, қарсыласы  «Малага» - 11 сатыда, ол 19 ұпайға ие.

Бұл екі клубтың  соңғы екі кездесуінде «Валенсия» 1:2 және 3:0 есептерімен жеңіске жеткен болатын. Бірақ, қазір екі команданың да бас бапкерлері өзгерген, жағдай басқандай.

Ойында алаң иелері фаворит саналады, олар жанкүйерлердің қолдауы арқасында жеңіске жету тиіс.

Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы  01:40-та. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу