Бүгін - 3 желтоқсан күні Ла Лиганың 14-ші туры өтеді. Әдеттегідей «Kazsport» телеарнасы Испания футбол біріншілігінің осы турдағы 4 кездесуін (сенбі – 3 матч, жексенбі – 1 матч) тікелей эфирде көрсетеді.
3 желтоқсан, 18:00. «Гранада» - «Севилья»
Бұл ойында «Севильяның» фаворит екені анық. Себебі, Хорхе Сампаоли шәкірттері турнирлік кестеде 27 ұпаймен «Барселона» мен «Реал» кейінгі 3-орында, ал, «Гранада» көш соңындағы 20-орыннан көтерілмей келеді. Бірақ, екі команда арасындағы соңғы кездесуде «Севилья» өз алаңында «Гранададан» 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Бұл кезде севильялықтарды қазіргі ПСЖ-ның бас бапкері Унаи Эмери жаттықтырған болатын.
3 желтоқсан, 21:10. «Барселона» - «Реал Мадрид»
Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона» 27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр.
Соңғы рет екі клуб 2 сәуір күні каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.
Желтоқсанның 3-інен 4-іне ауған түні, 01:35. «Атлетико Мадрид» - «Эспаньол»
Диего Симеоне командасы соңғы турларда көп ұпай жоғалтып алды. Қазіргі уақытта клуб «Барселона» мен «Севилья» клубтарынан 3 ұпай қалып, 24 ұпаймен 4-орында келуде.
«Эспаньол» соңғы турларда тамаша ойын көрсетуде. Олар чемпионатта 8 ойын қатарынан жеңіліс танымай келеді. Турнирлік кестеде 12-орынға ие.
Аталған матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.