Дания-Қазақстан матчына израильдік мамандар төрелік етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дания-Қазақстан матчына израильдік мамандар төрелік етеді

09.11.2016
Дания-Қазақстан матчына израильдік мамандар төрелік етеді

11 қараша күні Ресейде өтетін 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойынға Алон Йефет бастаған израильдік мамандара төрелік етеді. Оған көмекші ретінде Дэнни Красиков пен Ниссан Давиди тағайындалған, ал, қосалқы төреші қызметін Орел Гринфилд атқарады.

Естеріңізге сала кетсек, Алон Йефет былтырғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы «Астана» — «ХИК» кездесуіне төрелік еткен. Елордада өткен бұл ойын қазақстандық команданың пайдасына 4:3 есебімен аяқталған еді.

Біздің құрама мен даниялықтар арасындағы кездесуді тікелей эфирде «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан көре аласыздар. Трансляцияның басталуы түнгі 01:35-те. Сондай-ақ,  kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттарында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу