19-шы қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасынан футболдан Испания чемпионатын көре аласыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19-шы қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасынан футболдан Испания чемпионатын көре аласыздар

07.11.2016
19-шы қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасынан футболдан Испания чемпионатын көре аласыздар

19-шы қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі жеке парақшасында.

«Спортсүйер қауымды, әсіресе, футбол жанкүйерлерін қуантатын мына бір жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қойғым келеді. 19-шы қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды. Қазақстандық тарап үшін тиімді болған бұл келісімге трансляциялау құқығының иелерімен арадағы жүйелі келіссөздің арқасында қол жетіп отыр. Қалың көрерменнің сұранысына ие жобаларды отандық телевиязияға тарту жұмыстары одан әрі жалғаса бермек», - деді Дәурен Абаев.

Хабарламаларға жазылу