Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді

07.07.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының жартылай финал кезеңіндегі екінші ойын Германия – Франция құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Германия құрамасы ширек финал кезеңінде Италияны ойын соңындағы пенальти сериясында ұтса, Франция құрамасы Исландияны 5:2 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Германия мен Франция құрамалары 27 рет кездескен. 9 матчта Германия құрамасы жеңіске жетсе, Франция 12 кездесуде ұтқан. 6 кездесу тең аяқталған.

Айта кетейік, Германия – Франция матчының қайталауын ертең, 8 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 19:10-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу