Еуро-2016. Чемпионаттың жартылай финалына шыққан құрамалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Чемпионаттың жартылай финалына шыққан құрамалар анықталды

04.07.2016
Еуро-2016. Чемпионаттың жартылай финалына шыққан құрамалар анықталды

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды.

Турнирге қатысқан 24 құрамадан 16 команда плей-офф кезеңіне, ал 8 құрама ширек финалға шыққан болатын. Енді, ол құрамалардың 4-еуі ойындарды одан әрі жалғастырады.

1/2 финалда бір-бірімен ойнайтын құрамалар:

6 шілде:                    

00:50. Португалия – Уэльс («Қазақстан»)

7 шілде:

00:50. Германия – Франция («Қазақстан»)

Хабарламаларға жазылу