Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Англия мен Исландия құрамаларының арасындағы соңғы ойын аяқталды.
Бұл ойында Исландия құрамасы Англияны 2:1 есебімен ұтты. Бірінші таймның 4-ші минутында Англия құрамасының капитаны Уэйн Руни 11 метрлік айып добынан гол салып, есепті ашты.
Араға екі минут салып Исландия құрамасының футболшысы Рагнар Сигурссон есепті теңестіріп кетті. Ал, 18-ші минутта Колбейн Сигторссон есепті 2:1-ге жеткізіп, Исландия құрамасына жеңіс сыйлады.