Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Уэльс пен Солтүстік Ирландия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.
Бұл ойында Уэльс құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.
Ал, екінші таймның 75-ші минутында Солтүстік Ирландия құрамасының футболшысы Гарет Маколи өз қақпасына гол соғып алды. Сөйтіп, Уэльс құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпионаттың ширек финалына шықты.
Уэльс – Солтүстік Ирландия 1:0
Гол: 1:0 – 75, автогол Маколи.
Уэльс – Хеннесси, Уильямс, Дэвис, Тэйлор, Честер, Бэйл, Аллен, Ледли (Уильямс, 63), Рэмзи, Гантер, Воукс (Робсон-Кану, 55).
Солтүстік Ирландия – Макговерн, Маколи (Маженнис, 84), Эванс, Хьюз, Кэткарт, Норвуд (Макгинн, 79), Дэвис, Даллас, Эванс, Уорд (Уошингтон, 69), Лаферти.