Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Португалия ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Португалия ойынын тікелей эфирде ұсынады

25.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Португалия ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші ойын Хорватия және Португалия құрамаларының арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Топтық кезеңде Хорватия құрамасы «D» тобында сынға түскен. 3 ойында 7 ұпай жинап, өз тобында 1 орын алған болатын. Ал, Португалия құрамасы «F» тобының 3-ші орын иегері. 3 ойында 3 ұпай жинаған.

Бұған дейін екі құрама 3 рет кездесіп, 3 ойында да Португалия құрамасының мерейі үстем болған.

Қазіргі уақытта Хорватия құрамасы ФИФА рейтингінде 27-ші орында болса, Португалия 8-ші орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Хорватия-Португалия матчының қайталауын ертең, 26 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 12:40-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу