Еуро-2016. Бельгия құрамасы Швецияны 1:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бельгия құрамасы Швецияны 1:0 есебімен ұтты

23.06.2016
Еуро-2016. Бельгия құрамасы Швецияны 1:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «Е» тобындағы Бельгия мен Швеция құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Бельгия құрамасы Швецияны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады. Ал, екінші таймның 85-ші минутында Бельгия құрамасының футболшысы Раджа Наингголан жеңіс голын салды. Қорытынды есеп – 1:0.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы 6 ұпаймен топта екінші орын алып, чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу