Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Словакия-Англия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Словакия-Англия матчын тікелей эфирде көрсетеді

20.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Словакия-Англия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «В» тобындағы Словакия мен Англия құрамалары арасындағы 3-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Словакия құрамасы Уэльстен 1:2 есебімен ұтылса, екінші турда Ресей футболшыларын 2:1 есебімен ұтқан. Ал, Англия құрамасы алғаш Ресеймен 1:1 есебімен тең ойнаса, 2-ші турда Уэльс құрамасын 2:1 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Словакия мен Англия құрамалары 3 рет кездескен. Үш матчта да Англия құрамасы жеңіске жеткен.

FIFA рейтингінде Словакия 24-ші орында, Англия құрамасы 11-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Словакия-Англия матчының қайталауын ертең, 21 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 13:40-та көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу