Еуро-2016. Словакия Ресей құрамасын 2:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Словакия Ресей құрамасын 2:1 есебімен ұтты

15.06.2016
Еуро-2016. Словакия Ресей құрамасын 2:1 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «В» тобындағы Словакия және Ресей құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Словакия Ресей құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Матчтағы алғашқы голды словакиялықтар сапынан 32-ші минутта Владимир Вайсс салса, араға 13 минут салып Словакия құрамасының капитаны Марек Гамшик есепті еселей түсті. Ал, екінші таймдағы ресейліктердің қарымта голын 80-ші минутта Денис Глушаков салды.

Словакия – Ресей – 1:2

Гол: Вайсс, 32 (0:1). Гамшик, 45 (0:2). Глушаков, 80 (1:2).

Ресей: Акинфеев, Смольников, В.Березуцкий, Игнашевич, Щенников, Головин (Глушаков, 46), Нойштедтер (Мамаев, 46), Шатов, Кокорин (Широков, 75), Дзюба, Смолов.

Словакия: Козачик, Пекарик, Шкртел, Дюрица, Губочан, Печовски, Куцка, Гамшик, Мак (Дюриш, 80), Дуда (Немец, 67), Вайсс (Швенто, 72).

Хабарламаларға жазылу