Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Румыния-Швейцария матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Румыния-Швейцария матчын тікелей эфирде көрсетеді

15.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Румыния-Швейцария матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «А» тобындағы Румыния мен Швейцария құрамалары арасындағы 2-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Румыния құрамасы алаң иесі Франциямен ойнап, 1:2 есебімен жеңілген. Ал, Швейцария құрамасы Албанияны 1:0 есебімен ұтқан.

Бұл ойынға дейін Румыния мен Швейцария құрамалары 12 рет кездескен. 5 ойында Румыния құрамасы жеңіске жетсе, Швейцария да 5 рет ұтқан. Ал, 2 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Айта кетейік, Румыния-Швейцария матчының қайталауын ертең, 16 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 11:45-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу