Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Бельгия-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Бельгия-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді

13.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Бельгия-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Е» тобындағы екінші ойын Бельгия мен Италия құрамаларының арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Бұл ойынға дейін Бельгия мен Италия құрамалары 21 рет кездескен. Бельгия 4 рет жеңіп, 13 ойында жеңілген. Ал, Италия құрамасы 13 рет жеңіп, 4 ойында жеңілген. 4 кездесу тең нәитже тіркелген.

Бельгия құрамасы Еуропа чемпионатында биыл 5-ші рет қатысуда. Соңғы рет 2000 жылы қатысқан. Құрлық біріншілігінде ең үздік нәтижеге 1980 жылы қол жеткізген. Сол жылы финалда сүрінген болатын.

Ал, Италия құрамасы құрлықтық додаға биыл 9-шы рет қатысып жатыр. Олар 2012 жылы біріншіліктің күміс жүлдегері. Сол жылы финалда Испаниядан 4:0 есебісен жеңілген еді.

Айта кетейік, Бельгия-Италия матчының қайталауын ертең, 14 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 17:15-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу