Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Испания-Чехия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Испания-Чехия матчын тікелей эфирде көрсетеді

13.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Испания-Чехия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «D» тобындағы екінші ойын Испания және Чехия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Испаниялықтар Еуропа чемпионатына биыл 12-ші рет қатысып жатыр. Сондай-ақ, Испания құрамасы турнирдің қазіргі чемпионы. Олар 2008 және 2012 жылы қатарынан екі дүркін чемпион атанған болатын.

Ал, Чехия құрамасы Еуропа чемпионатына 6-шы рет қатысуда. Чехиялықтар Еуропа чемпионатында ең үздік нәтижеге 1996 жылы қол жеткізген. Ол жылы олар күміс жүлдегер атанған.

Айта кетейік, Испания-Чехия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 14 маусымда, сағат 10:55-де көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу