Астананың мерейлі мерекесіне орай Қызылордада шоу-концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың мерейлі мерекесіне орай Қызылордада шоу-концерт өтті

06.07.2018

Алғашқы астана Ақмешіт пен жаңа ғасырдың ғажайыбынан жасалған жас қала елорданың арасында ерекше байланыс бар. Ол байланыс ешқашан үзілмейді. Сыр халқы Сарыарқа төріндегі елордаға ыстық сәлемін жолдайды.  Жұртшылықтың көңіл-күйі керемет. Әсем ән, мың бұралған би мен көңілді тапқырлар клубының жарасымды әзілі мереке ажарын аша түседі. Шат-шадыман әсерге бөленген халық еліміз өркендеп, елордамыздың еңсесі биік болсын деп тілейді.  

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу