Астананы жырларына арқау еткен ақындар «Таңшолпан» студиясында қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананы жырларына арқау еткен ақындар «Таңшолпан» студиясында қонақта

06.07.2018

Бүгін Ұлттық арнада елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған арнайы мерекелік шығарылым өтуде. Осыған орай, «Таңшолпан» бағдарламасында ақындар Мирас Асан, Ажар Ерболған, Арман Шеризат қонақта болып, Астана туралы әсерлерімен бөлісті.

«Елордаға 2010 жылы ең алғаш 17 жасымда келдім. Содан бері 8 жыл уақыт өтті. Өміріміздің ең тәтті де қызықты кезеңдері осы Астанада өтіп жатқандықтан ол - жүрегімізге ең жақын ыстық өлке», - дейді Ажар Ерболған.

Сондай-ақ, ақындар Астанаға арнап өлеңдерін тарту етті.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу