Оның бірі – клуб, екіншісі спорт кешені. Осы уақытқа дейін елді мекенде мәдени шаралар асар әдісімен салынған ғимаратта өтетін, енді бәрі басқаша. Заманауи үлгіде бой көтерген еңселі клуб үйі алыстан менмұндалайды. Барлық қажетті жабдықтары бар. Ал, спорт кешенінің ашылуы балалар мен жастар үшін ерекше жаңалық болды. Қазір спортқа деген бетбұрыс жақсы.
Теміржан Руслан, Мәдениет ауылының тұрғыны:
- Спорт кешенінің ашылып жатқанына рахмет айтамын. Кілем де жаңартылған. Аптасына екі-үш реттен 50 бала жаттығамыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.