Қарағандыда елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған форум өтті

05.07.2018

Қарағандыда елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана - елімнің жүрегі, елдіктің тірегі» атты форум өтті. Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, облыс басшылары, Елбасының бұрынғы әріптестері, курстастары  және өңірдің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар мен жастар қатысты. Форум аясында Елбасы идеясымен Астана мәртебесін иеленген шағын шаһардың 20 жыл ішінде еңселі елордаға айналу тарихы, оның бүгінгі саяси және экономикалық орталық ретіндегі маңызы туралы фильм көрсетілді. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртаудағы зауытта бірге еңбек еткен ұжымдастары, Қарағанды политехникалық институтында қатар оқыған замандастары да ерекше естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Астанамен құрдас 20 жалынды жас жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді.

Қуаныш Омашев, Елбасының курстасы:

- Астана болу үшін көп критерийлер бар екен, ортасынан өзен өтуі тиіс деген сияқты. Біздің елорда барлық талапқа сай.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу