БАҚ өкілдері арасындағы «Тіл маржаны» байқауының жеңімпаздары 3 шілдеде марапатталады

25.06.2018

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Ержан Серікболұлы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Елордамыздың мерейтойына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның ішінде жақында Астананың 20 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында жарияланған «Тіл маржаны» байқауы бар. Студия қонағы осы байқаудың талаптары, маңызы мен қорытындылары туралы сөз қозғады.

«БАҚ өкілдері арасында «Тіл маржаны» байқауы бірінші рет ұйымдастырылып отыр. 3 шілде күні марапаттау салтанаты өтеді. Жеңімпаз және оның еңбегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Байқаудың негізгі шарты – мемлекеттік тіл, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар және Астананың 20 жылдығы тақырыбы.

Байқау біраз бағытты қамтыды. Оның ішінде үздік телебағдарлама, үздік радиожоба, үздік мақала, әлеуметтік желідегі үздік пост, үздік ролик және қысқаметражды фильм.

Тілімізді насихаттау аясында бірқатар жұмыстар арқарылып жатыр. Сол жұмыстарға баға беріп, қолдау – біздің мақсатымыз», - дейді қонақ.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу