Сәдібек Түгел: Астананың жағымды бейнесін қалыптастыруда БАҚ белсенді қызмет атқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәдібек Түгел: Астананың жағымды бейнесін қалыптастыруда БАҚ белсенді қызмет атқарды

25.06.2018

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Сәдібек Түгел «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

«Астананың 20 жылдығы - ұлттық мереке. Бұл мереке еліміздің абыройын асқақтататын үлкен құбылыс.

Елордаға өзіміз 1998 жылы көшіп келдік. Ол кез романтикаға толы кез болды. Елбасының Астанаға көшу туралы идеясын толығымен, бар жаныммен  қолдағандардың бірімін. Қызмет ауыстыру мен үшін қуантарлық жағдай болды. Ол кезді тағдырдың маған берген бақыты деп санаймын.

Астана қаласының қалыптасуына атсалыстым. Ол кезде елордада 8 БАҚ болатын. 20 жылдың ішінде оның саны 200-ге жетті. Астананың жағымды бейнесін жасауда, қоғамдық пікір қалыптастыруда БАҚ белсенді қызмет атқарды. Оның ішінде қазақ телевизиясы, өзіміздің әріптестер көп еңбек етті.

1994 жылы Елбасы осы мәселені алғаш көтергенде күдікпен, сенімсіздікпен қарағандар көп болды. Алайда, 1998 жылдың 10 маусымында Астананың тұсауы кесілді. Ал, биылғы 6 шілдеде елордамызға - 20 жыл», - дейді жазушы.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу