Бюджеттік шығындар қысқарса да, ауыл шаруашылығына бөлінетін көмек сол күйі қалады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан фермерлер одағының жиынында айтылды.
Сала мамандары Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы айтқан тапсырмаларды орындау жолдарын қарастырды.
Үкімет отандық экспорттаушыларды қолдап, агроөндірістік кешендер мен шағын және орта бизнес инфрақұрылымдарын дамыту үшін қаражат бөлмек.
Жиында сондай-ақ, өткен жылғы жұмыстар қорытындыланды.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ