2004-2007 жылдар аралығындағы жұмыс істемей тұрған несиелер «қалдығы» кезең-кезеңімен жүзеге аспақ - Қайрат Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2004-2007 жылдар аралығындағы жұмыс істемей тұрған несиелер «қалдығы» кезең-кезеңімен жүзеге аспақ - Қайрат Келімбетов

12.02.2015
2004-2007 жылдар аралығындағы жұмыс істемей тұрған несиелер «қалдығы» кезең-кезеңімен жүзеге аспақ - Қайрат Келімбетов

Екінші деңгейлі банктер 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін «нашар» несиелердің деңгейін 10 пайызға дейін төмендетеді.

Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

2004-2007 жылдар аралығындағы жұмыс істемей тұрған несиелердің «қалдығын» тазарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Сол кездегі көрсеткіш 33 пайызды құраған болса, 2015 жылдың 1 қаңтарында 23,5 пайызға төмендеген.

 «2016 жылдың қаңтарына дейін бұл көрсеткіш 10 пайыздан аспайды деп күтеміз. Барлық банктер осы нормаға сай болуы тиіс», - деді Қ.Келімбетов.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу