Қазақ телевизиясының өркендеп-өсуіне, шарықтап дамуына үлес қосқан талай білікті мамандар өмірден өтті. Солардың бірі - жарық жұлдыздай қазақ теледидарының қарқынды әрі сапалы қызметіне ерен еңбек сіңірген тұлға, ардагер режиссер Шолпан Баймолдина.
Алматыда жас журналистерді қолтықтан демеп, телевизияның қыр-сырына қанықтырған белді режиссер туралы кітаптың тұсауы кесілді. Еңбектің авторы - белгілі академик, публицист әрі жазушы Ғаділбек Шалахметов. Туындыда қазақ телевизиясына ерекше үлес қосқан жұбайының өмірі туралы сыр шерткен. Оның біліктілігі, адамгершілігі мен айналасына деген адалдығы жазылған. 30 жыл ғұмырын телевизиямен тоғыстырған Шолпан Баймолдинаның еңбекқорлығы мен асқан шеберлігі суреттелген.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ