Жыр додасы Жамбыл Жабаевтың туған күні мен Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойына арналды. Республикалық айтысқа еліміздің барлық өңірінен 16 айтыскер қатысып, сөз маржанын терді. Өнер бәсекесінде өзара сынға түскен айтыскерлер туған жер, елге құрмет, ұлттық дәстүрді ұлықтау, өткен тарихты дәріптеу сынды тақырыптарды қозғады. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына тоқталып, Қазақ телевизиясының өткені мен бүгінін жырлады.
Сөз қадірін білген көрермен үшін тағы бір қуанышты жаңалық. «Qazaqstan» Ұлттық арнасының көктемгі маусымында «Жүрсіннің жүйріктері» деген атпен жаңа тележоба эфирге шығады. Бұл өз кезегінде ұлттық рух пен рухани құндылықтарымыздың қайта жаңғыруына сеп болары анық.