«Таңшолпан». Алматыда Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Алматыда Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы басталды

22.02.2018

1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Ал, 1994 жылы 4-сәуірде бүгінгі арна ҚР Президентінің  Жарлығымен «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды.

2002 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды. Бүгінде 60 жылдық тарихы бар еліміздің бас арнасы - қара шаңырақ, үлкен мектеп.

Алматы төрінде 60 жылдық мерейтой басталып кетті. Алғашқы режиссерлердің бірі Сәлима Естемесова, диктор Ләзиза Аймашева бастаған қызметкерлер телеарна ғимаратының табалдырығын сағынышпен аттады. Ұлттық арнаның ардагерлері «Дара жол» бағдарламасының түсіріліміне шақырылды. Бұл жолы кадрдан тыс қызмет еткен мамандар да ойларын ортаға салмақ. Меретой қарсаңында түсірілген хабарды «Дара жолдың» алдағы шығарылымдарының бірінен тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу