Биыл Қазақ телевизиясына – 60 жыл. Осыған орай Ұлттық арнаның ардагері Әбдірәлі Бөлебай студия қонағы болды.
«Қазақ телевизиясы - үлкен мектеп. Телеарнаға 25 жасымда келдім. Театр және кино мамандығын бітірген соң, телевизияға дайындықпен келдім. Алғашында радиода қызмет атқарып, сосын арнаға ауыстым.
Қазақ радиосы және Ұлттық арна – бренд. Басқа арналардың барлығы осы қара шаңырақтан тараған. Ұлттық арнаға табыс тілеймін», - дейді телевизия ардагері.