Қазақ телевизиясы тарихында ғарышпен тікелей  байланыс алғаш рет 1989 жылы орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясы тарихында ғарышпен тікелей  байланыс алғаш рет 1989 жылы орнатылды

16.02.2018

Қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет ғарышпен тікелей  байланыс 1989 жылы орнатылып, ғарышкерлермен тілдесуге мүмкіндік туды. Телекөпірді Петропавл телевизия студиясы Мәскеудегі «Останкино» байланыс орталығы арқылы жүзеге асырды.

Екінші рет аспанға ұшқан ғарышкердің сол сапары 6 айға ұласып, ашық космосқа 5 рет шықты. Қазақ телевизиясындағы тарихи сәтке куә болғандардың бірі Баян Баймұқанова. Ол эфир кезінде тікелей байланыс орнатуға жауапты режиссер болды.

Баян Баймұқанова, телевизия ардагері

 - Ол кісі аспанда 3-4 айдай ұшты. Тимирязев ауданында ол кісінің анасы болатұғын, сол анасының денсаулығы туралы сұрай берді. Біздің телевизиялық топ күзде анасы туралы сюжет түсіріп әкелген, сол сюжетті көрсеттік.

Александр Викторенко сол сапарында базалық блоктан 50 метрге дейін ұшуға мүмкіндік беретін жаңа скафандр мен ғарыш мотоциклын сынақтан өткізді. Онымен байланыс орнату үшін сол кездегі облыстық телевизия директоры Виктор Вихляев Мәскеуге барып, телекөпірді «Останкина» байланыс орталығы арқылы жүргізді.

Виктор Вихляев, телевизия ардагері:  

- Біз «Останкино» арқылы байланыс орнатқанымыз үшін Мәскеу бізден ешқандай ақы сұраған жоқ. Сол кездегі  ортақ еңбек - телевизия тарихындағы жарқын сәттердің бірі.

Бас-аяғы 15-20 минутқа созылған байланыс кезінде студияға арнайы өнерпаздар да шақыртылды. Телевизия ардагері Камила Әлібаева  сол жылдары филармония әншісі еді. Күмбірлеген домбырасымен Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» өлеңін орындап, ғарышкердің елге деген сағынышын басқан.

Камила Әлібаева, телевизия ардагері: 

 - Мен өлеңімді айтып болғанда ол кісі бізбен байланысқа шығып, «көп рахмет, мен домбыраның үнімен өз еліме барып қайтқандай болдым», дегенде, сондай таңқалдым.

Ғарышпен тұңғыш рет телебайланыс орнату сан белесті бағындырған  телевизия саласының шексіз мүмкіндігін тағы бір дәлелдеп, техникалық жаңғырудың жаңа кезеңіне жол ашты.   

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу