Бүгін Алматыда «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты конференция басталды

15.02.2018
Бүгін Алматыда «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты конференция басталды

Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 60 жылдығына арналған «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы:  Ұлттық арнаның даму моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.  

Ғылыми алқасөз жұмысына «Qazaqstan» Ұлттық арнасында әр жылдары қызмет еткен  Сұлтан Оразалин,  Ласкер Сеитов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлер мен журналистер, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Конференция аясында Журналистика факультетінде заманауи техникамен жабдықталған №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы салтанатты түрде ашылды.

Шара ертең де жалғасын табады. Құсман Игісінов, Төлеубай Қаймолдин сынды телеарна ардагерлері мен қазіргі қызметкерлер Ерлан Атамбай, Бейсен Құранбек, Мейіржан Әлібек тренинг өткізетін болады. 

 

Хабарламаларға жазылу