Алматыда «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты конференция өтеді

12.02.2018
Алматыда «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты конференция өтеді

15 ақпан Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 60 жылдығына арналған «Qazaqstan» еліміздің телеэпопеясы:  Ұлттық арнаның даму моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастайды.  

Ғылыми шара аясында Журналистика факультетінде заманауи техникамен жабдықталған №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы салтанатты түрде ашылады. Зертханада алғша рет «Qazaqstan» арнасы» журналистері, продюсерлері, репортерларының журналистика факультеті студенттеріне арналған «Тележурналистика негіздері» практикумы  шеберлік-сыныптары өтеді.

Ғылыми алқасөз жұмысына «Qazaqstan» Ұлттық арнасында әр жылдары қызмет еткен  Сұлтан Оразалин,  Ласкер Сеитов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлер мен журналистер, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады. Конференция қонақтары мен қатысушылары «Қазақстан» ТРК тарихының фотокөрмесі мен «Qazaqstan» ұлттық арнасының тарихына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады.  

 

«Qazaqstan» телеарнасының 60  жылдығына арналған «әл-Фараби» арнасында тележобаларын  дайындаған  факультет студенттері  қатысқан   байқау жеңімпаздарына  шәкіртақы  табысталады.

 

Айта кету керек,  «Qazaqstan» РТРК Акционерлік қоғамымен  университет тығыз ынтымақтастықта. 2016 жылы «Қазақ радиосының» 95 жылдығы «Шалқар» радиосының 50 жылдығы  Университетте аталып өтті.   

Хабарламаларға жазылу