Алматы студиясының алғашқы директоры Хамза Әбілғазиннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы студиясының алғашқы директоры Хамза Әбілғазиннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

08.02.2018

Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай Алматы студиясының алғашқы директоры Хамза Әбілғазиннің құрметіне ірі мегаполистегі қарашаңырақта ескерткіш тақта орнатылды.  

Алыптардың есімін ел есінде қалдыруға арналған шараның ашылуына қоғам қайраткерінің ұрпақтары мен телевизия тарихында таңбасы қалған тұлғалар қатысты. Хамза Әубәкірұлы 1919 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауылында дүниеге келген. Ол қазақ өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты. Әсіресе, елімізде енді қанат жая бастаған телевизия саласының дамуында айрықша із қалдырды. «Сондықтан, оның қажырлы еңбегі ел жадында сақталады», - дейді әріптестері.     

Бақыт Әбілғазин,  Хамза Әбілғазиннің ұлы:  

- Ол сыйлы, жұмысқа берілген кісі болды. Баянауылда көше атауы берілген.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу