«Таңшолпан». «Қымызхана» бағдарламасының негізі 42 жыл бұрын қаланғанын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Қымызхана» бағдарламасының негізі 42 жыл бұрын қаланғанын білесіз бе?

06.02.2018

2006-2007 жылдары көрермендердің көзайымына айналған «Қымызхана» бағдарламасы есіңізде болар. Боранбай ақсақалдың салиқалы әңгімесі, Қозыбас пен Бөтештің әзілдері, Айнаш пен Еркенің дәмді бауырсағы мен қымызы хабардың мазмұнын ашып тұратын. Ал, бұл бағдарламаның негізі осыдан 42 жыл бұрын қаланғанын бірі білсе, бірі біле бермейді.

1976 жылы «Қымызхананың» алғашқы шығарылымы көрерменге Ұлттық арна эфирінен жол тартты. «Қымызхана» эфирге шықпай тұрып, сатираға құрылған «Шымшуыр», «Әзіл-сықақ» деген атпен 15 минуттық бағдарлама көрсетіліп тұрды. Оған арнайы сценарий жазылмағандықтан, бағдарламалар көп уақыт өтпей жабылып қалды. Орнына «Қымызхана» ашылды. Хабарды ұйымдастыру жұмысына қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалин мұрындық болды.

Бұл кезде ұлттық сананы оятатын өткір де тың дүниелер қажет болды. «Қымызхана» ел сенімін арқалап, қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды сатирамен көрерменге жеткізе білді. Ол кездегі техника мүмкіншілігінің аз болғанына қарамастан, бағдарлама ұжымы көрерменге іргелі телетуындыларды ұсынып отырды. Әсіресе, 1976-1980 жылдары жарық көріп, көрерменнің көзайымына айналған «Қымызхана» хабарының режиссері Шырын Ағышева, Клара Қорғанова, Мэлс Байсанбаев, Жеңіс Мұқатаевтардың еңбегі зор.

Көрермен көзайымына айналған бағдарлама туралы толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында.

Хабарламаларға жазылу