Елбасы Отан қорғаушылар күнін және Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеуге арналған концертке қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Отан қорғаушылар күнін және Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеуге арналған концертке қатысты

06.05.2017
Елбасы Отан қорғаушылар күнін және Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеуге арналған концертке қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күнін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған концертке қатысты.

 

Концерттік кеш Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған деректі фильм көрсетуден басталды. Бағдарламаға Қарулы Күштердің барлық әскер түрлерінің шығармашылық ұжымдары, республикалық «Жас ұлан» мектебі мен мамандандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштер орталық ансамблі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрі қатысты.

 

Концертте Қазақстан армиясының жетістіктері туралы әндер шырқалып, фольклорлық музыкалық шығармалар орындалды, сондай-ақ әр кезеңнің қаһармандарын ұлықтауға арналған хореографиялық композиция көрсетілді.

 

Сонымен қатар, А.Александров атындағы Ресей әскері ансамблінің жетекші солисі Б.Дьяков, Қытай Қорғаныс министрлігінің әндер мен билер ансамблінің жетекші солисі В.Лид, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің жетекші солисі А.Жылтыркөзов өнер көрсетті.

Хабарламаларға жазылу