Орал қаласында жаңа кеме суға түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында жаңа кеме суға түсірілді

12.05.2014
Орал қаласында жаңа кеме суға түсірілді
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Орал қаласында жаңа кеме суға түсірілді. Бұл - «Зенит» зауытында жасалған 21-ші корабль. «Сарыарқа» деп аталған жаңа кеме Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған. Оны суға түсіру қала тұрғындары үшін ерекше мерекеге айналды.
 
Сондықтан, өзен жағасына жиналған қалың жұртшылықты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, дәстүр бойынша кеме жақтауына аққайнар соқты.
 
Ұзындығы - 42, ені - 8 метрге жуық әскери кеме жылдамдығын 30 узелге дейін жеткізе алады. Экипаж 23 адамнан тұрады.
 
Әскери кеме зымыранды-артиллериялық құрылғымен жарақтанған және 5 балдық теңіз дауылдарына төтеп береді.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу