Шымкенттегі мерекелік шара орталық алаңда өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі мерекелік шара орталық алаңда өтті

07.05.2014
Шымкенттегі мерекелік шара орталық алаңда өтті
Шымкентте  Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара Әл-Фараби алаңында өтті.
 
Өңір басшысы Асқар Мырзахметов әскери құрылымдардың, шекара қызметі мен әскери қорғаныс күштерінің қызметкерлерін құттықтап, бірқатарын марапаттады.
 
Өз ісін мінсіз атқарып, еңбегі еленген сардарлар мен сарбаздарға жоғары шендерін табыстады.
 
Әскерилер мен қала тұрғындары жиналған шарада патриоттық рухты көтеретін әндер шырқалып, жауынгерлік өмірден сахналық көріністер қойылды. 
 
Бабай Алдабергенов, Қарулы күштер ардагері:
Бүгінгі күн - ерекше күн. Қазақстан армиясының, Қазақстан әскерлерінің, Қазақстан Қарулы күштерінің жетістіктерін көрсететін күн. Мереке құтты болсын.
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу