Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад басталды

07.05.2014
Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад басталды
Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад басталды. Шараға  250-ден астам әскери техника мен 70-тен астам әуе кемесі қатыстырылуда. 2000-ға жуық сарбаз сап түзейді.  
 
Шеруді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев басқарады. 
 
Шарада  отандық әскери-өндірістік зауыттарда құрастырылып, жаңғыртылған техникалар көрсетіледі. Әскери техникалар әуеде «Бәйтерек» монументі мен бәйшешек гүлін бейнелемек.
 
Биылғы парадтың тағы бір ерекшелігі, оған тек әскери әйелдерден құралған рота қатыспақ.

Хабарламаларға жазылу