20 жасар сарбаз енді Петропавл қаласындағы әскери институтта білім алатын болды. Салтанатты шарада антқа адалдық танытқан, ерлігімен танылған өзге де әскерилер арнайы марапатқа ие болды.
Нұрасыл Мүбараков, №7552 әскери бөлімі 3-атқыштар ротасының қызметкері:
Әскери өмірде қандай қиындық болса да мен дайынмын. Әскерге келгеніме өкінбеймін. Өйткені, ол әрбір адамның Отан алдындағы борышы.
Шынар АСАНҚЫЗЫ