Қазақстанның Қарулы күштеріне шетелдік әскери мамандар осындай баға беріп отыр. Мәскеу қаласында Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің әскери өкілдігі 7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай ресми қабылдау өткізді.
Шараға Ресей қорғаныс министрлігі мен түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері және өзге де шет мемлекеттердің әскери атташелері қатысты.
Александр Синайский, ТМД мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы:
Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі қазақ армиясы әскери шеберлігі, техникалық жабдықталу жағынан көптеген елдерден оқ бойы озық тұр. Қазақ елінің әскерилері ТМД деңгейіндегі көптеген бірлескен іс-шараларға да белсене атсалысады. Түрлі жарыстар мен жаттығуларға қатысқан кезде олардың әскери дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көріп жүрміз. Сондықтан, Қарулы күштеріңіздің айбыны арта берсін деп тілеймін.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ