Жамбыл жұртшылығы 50 бозбаланы әскерге шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл жұртшылығы 50 бозбаланы әскерге шығарып салды

05.05.2014
Жамбыл жұртшылығы 50 бозбаланы әскерге шығарып салды
«Мен, Отанды қорғауға дайынмын!» Осындай атпен жыл сайын өтетін акция аясында Жамбыл облысының жұртшылығы бүгін 50 бозбаланы әскерге шығарып салды.
 
Болашақ сарбаздарды әскерге аттандыру салтанатына олардың ата-аналары, облыс басшылығы мен Парламент Мәжілісінің депутаттары жиылды.
 
Қарулы күштер сапында қызмет ету - әрбір ер-азаматтың борышы. Ал, оны абыройлы атқару - үлкен жауапкершілік. Осыны жете сезініп, асқақ рухпен жігерленген жігіттер Отан алдындағы парыздарын адал атқаруға көпшілік алдында серт берді.
 
Сондай-ақ, бүгін «Айша бибі» әскери полигонында «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер, Ішкі істер департаменті және төтенше жағдайлар қызметкерлері қару атудан кәсіби шеберліктерін сынға салды.
 
Айгүл Көшікбаева, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының мемлекеттік тілді оқытушы офицері:
Әскери адамның ең бірінші парызы - Отанды қорғау. Сондықтан, біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Біріншіден, бұл қырағылығымызды шыңдайды, кәсіби деңгейімізді жоғарылатады.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу